Осы орайда Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің коммуналдық мемлекеттік меншік иелігіндегі 572 шақырым 111 су нысандары облыс әкімі Ж.Түймебаевтің 28 тамыз 2017 жылғы №246 қаулысына сәйкес «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік Қазақстан филиалының коммуналдық меншік иелігіне қабылданып, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесінен 2018-2023 жылдар аралығына жылдық (лимит) 136,7 млн,м3 ағын су көлеміне арнайы су пайдалануға рұқсат алынды.
Ағын су көлемін тиімді пайдалану және пайдалы әсер коэффициенті жоғарылату мақсатында Түлкібас ауданында бірнеше жоба іске асуда.
Бірінші жоба бойынша 13 су нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Бұл жобаның құны 4 млрд 300 млн теңгені құрайды. Қаржыландыру үшін құжаттар тапсырылған.
Ал екінші жобада 84 су нысандарының механикалық тазалау жұмыстары атқаруға болжамдық жобалық сметалық құжаттар дайындалды. Мұның құны-1,300 млн теңгені құрайды. Бүгінде топографиялық түсірілім жасалынуда.
Үшінші жоба – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суғармалы жерлердің көлемін 40%-ға ұлғайту бағдарламасын орындау мақсатында «Магистральды Құлый және Көктем 5 су каналының» құрылысы салу көзделген. Каналдардың ұзындығы 15,3 шақырым, суғармалы жерлердің көлемі 1115 гектарды құрайды. Жобаның құны 514,0 млн теңге, қаржыландыруға құжаттар толық көлемде тапсырылған.