Трамптың Қытай сапарындағы құпия талап: делегация неге телефондарын қолданбады?

Трамптың Қытай сапарындағы құпия талап: делегация неге телефондарын қолданбады?
Brendan SMIALOWSKI / AFP via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп пен Си Цзиньпин

АҚШ делегациясы Дональд Трамптың Қытайға сапарынан кейін елден кетер алдында жергілікті тарап берген бірқатар заттарды ұшаққа алып кірмей, қоқыс жәшігіне тастаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы америкалық журналист Эмили Гудин хабарлады. Оның айтуынша, сапар барысында АҚШ делегациясына берілген аккредитациялық карталар, уақытша телефондар, арнайы бейдждер мен басқа да заттарды Air Force One бортына алып өтуге рұқсат етілмеген.

Журналистің жазуынша, делегация мүшелері ұшаққа мінер алдында бұл заттардың бәрін арнайы қоқыс жәшігіне тастаған. Мұндай қатаң шара киберқауіпсіздік талаптарымен байланысты болуы мүмкін.

New York Post басылымының мәліметінше, Қытайға сапар кезінде Дональд Трамп пен америкалық шенеуніктерге жеке телефондарын пайдалануға тыйым салынған. Оның орнына делегация мүшелері уақытша электронды пошта мен бір реттік телефондарды қолданған.

Сарапшылар мұндай сақтық шаралары жоғары деңгейдегі халықаралық сапарларда жиі қолданылатынын айтады. Әсіресе киберқауіпсіздік тәуекелі жоғары елдерге барғанда, делегация мүшелерінің байланыс құралдары мен құжаттарына ерекше бақылау қойылады.