Дональд Трамптың серіктесі Қазақстан экономикасына 3 млрд доллар көлемінде инвестиция құйды. Жоба аясындағы құрылыс жұмыстары қаңтар айында бастау алады.
Ірі инвестициялық бастама шеңберінде миллиардер, SRAM & MRAM конгломератының басшысы доктор Сайлеш Хиранадани елімізде халықаралық стандарттарға сай көпсалалы аурухана мен медициналық университет салуды қолға алмақ.
Медицина саласына бағытталған қаржы көлемі 500 млн долларды құрайды. Ал бой көтеретін университет 10 мыңнан астам студентті қабылдауға есептеліп, заманауи білім беру және медициналық технологиялармен толық жабдықталады. Нәтижесінде ол әлемдегі ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының қатарына қосылады.
Жоба денсаулық сақтау және медициналық білім беру жүйесіне халықаралық талаптарды енгізуді көздейді және Қазақстан тарихындағы аталған салаларға салынған ең ауқымды жекеменшік инвестициялардың бірі саналады.
