Трамп: Иранға қарай АҚШ-тың ірі әскери флоты бет алды

Көркем Алдабергенова 23 қаң. 2026 10:13

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иран билігінің әрекеттерін мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аймаққа америкалық әскери кемелердің едәуір бөлігі жіберіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақ үй басшысы бұл туралы журналистерге берген түсініктемесінде айтты. Мәлімдеменің бейнежазбасы Ақ үйдің YouTube-арнасында жарияланған.

«Бұл бағытқа сақтық үшін көп кеме бет алып барады. Үлкен флот қозғала бастады. Не болатынын көрейік. Иранға қарай елеулі күштер жіберіліп жатыр», — деді Трамп.

Сонымен қатар, АҚШ президенті жағдайдың ушыққанын қаламайтынын жеткізді.

Ирандағы жағдай

Желтоқсан айының соңы мен қаңтардың алғашқы жартысында Иранда ауқымды жаппай наразылықтар өткен. Шеруге шыққандар елдегі саяси режимді өзгертуді талап еткен.

Осы кезеңде Дональд Трамп егер Иран билігі наразылық білдірушілерді атуын тоқтатпаса, әскери соққы жасау мүмкін екенін ескерткен болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove