АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты пікір айтып, қақтығыстың әлемдік нарыққа әсерін сөз етті, деп хабарлайды dalanews.kz
Трамптың айтуынша, Ресей мен Украина басшылары бір-бірін қатты жек көреді.
«Бұл екі көшбасшы бір-бірін қатты жек көреді. Жеккөрушілік – өте қызық құбылыс. Соғыс та өте қызық. Дәл осы соғыс дизель отыны бағасының өсуіне әсер етіп отыр. Бірақ мұның бәрі жақын арада аяқталады», – деді ол.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Трамп мәлімдемесінде Ресей мен Украина арасындағы соғыстың энергетика нарығына ықпалын атап өткен.
Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы соғыс жаһандық энергия ресурстары мен жанармай бағасына әсер етіп, әлемдік нарықтағы құбылмалылықтың негізгі факторларының бірі болып отыр.