Тойхана спорт мектебіне айналды

Dalanews 20 сәу. 2021 14:59 942

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты. Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі бағытын өзгертуге пандемия әсер етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы тойхана салған бизнесменнің жаңа ғимараты бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған соң, бос тұрған.

Қазір «Достық» спорт мектебінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды. Спорт залдың іші заман талабына сай жасақталған.

Екінші қабатында ересектерге арналған залы жұмыс істейді. Сайрам ауданының спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізеді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар