Жапонияның Toyota компаниясы сұраныстың төмендеуіне байланысты шетелдегі зауыттарында көлік өндірісін 100 мың данаға қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Интерфакс мәліметінше, мұндай шешімге Ормуз бұғазы маңындағы дағдарыстың ұзаққа созылуы және соның салдарынан әлемдік нарықтағы белгісіздіктің күшеюі себеп болған. Компания өндіріс жоспарларын қайта қарап, ірі қосалқы бөлшек жеткізушілеріне тиісті хабарлама жіберген.
Қысқарту 2027 жылдың наурызында аяқталатын ағымдағы қаржы жылына қатысты. Сонымен бірге Toyota Жапониядағы кәсіпорындарында өндірісті аздап арттыруды көздеп отыр.
Атап айтқанда, компания жыл соңына дейін ел ішіндегі зауыттарында бастапқы жоспармен салыстырғанда қосымша 4,2 мың автокөлік шығармақ. Оның ішінде сұраныс жоғары RAV4 және Land Cruiser 250 жол талғамайтын көліктері бар.
Сарапшылардың пікірінше, Таяу Шығыстағы геосаяси тұрақсыздық пен Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына қатысты қауіптер әлемдік автоөнеркәсіпке қысым көрсетіп, сұраныстың баяулауына әсер етіп отыр.