Көздерінде от жоқ. Киімдерінің өзі салыбырап құтын одан сайын қашырып тұр. Мұндай әскермен жеңіске жету мүмкін емес қой.
Ал Укриана әскері ықшам, барлық әскери экипировка түгелі, жұтынып тұр. Көздерінде от ойнайды. Отаны ойланбастан жан қиюға даяр.
Ал осыдан кейін Украина жеңіледі деп кім айта алады? Ешкім де айта алмасы анық.
Украин әскерінің ерлікке толы іс-әрекеттері президент Владимир Зеленскийге рух берегені анық. Зенің өзі мұндай әскер тұрғанда бас сауғалап, шетелге қашқанша, солардың сапында жүріп соғысқанды жөн санады. Зеленскийде жігіт екен.
Қысқасы Украина әскері тек украина халқына ғана емес, тұтастас әлемге диктатор Путинге қарсы тұрып, езуін тілетін кездің келгенін паш етті.
Естеріңізде болар, 2008 жылы Путин алақандай Грузияға басып кіргенде сол кездегі Франция президенті Николя Саркози Саакшвилиге соғысты тоқтатып, келіссөзге келуге үгіттеген еді. Бірақ ержүрек Миша олардың айтқанына көнбей Путин әскеріне қарсы күрес жүргізіп, Путинге лайықты тойтарыс берген еді.
Енді міне сол жағдай Украинада қайталанып отыр.
О баста құр сөзбен қолдаудан аса алмаған Батыс әлемі қазір украин халқының ержүректігіне тәнті болып, нақты қолдау көрсете бастады.
Айталық. осыған дейін Украинаға қару сатуға тыйым салып келген Германия әуе қорғанысын қамтамасыз ететін екі мың Stinger қаруын жеткізетін болды. Балтық жағалауы елдері АҚШ-тың ымдауымен қолдарындағы Javelin жеңіл зымыранды кешендерін Украинаға жеткізе бастады.
Бұл қарулар майдан даласына жеткеннен кейін Укриана сарбаздары орыстың ұшақтары мен танктерін торғайдай атып түсіретін болады.
Украин сарбаздарының ерлігі Батыс әлеміне ерекше жігер беріп, Путин әскерінің тас-талқан қылуға жол ашып отыр.
Нұрлан Жұмахан