Төтенше жағдай мен карантин кезінде қайырымдылық шаралары (фоторепертаж)

Dalanews 22 мам. 2020 09:23 958

ТЖ кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсетлді. «Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында 5 елордалық қайырымдылық шарасын өткізді. «Дос» Тәуелсіз өмір» МҚБ өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын 15 отбасының (тірек-қимыл жүйесінің аурулары) қал-жағдайын біліп, қажетті консультация қызметтерін көрсетті.



«QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қоры «Парасат» ауылының тұрғындарына Росс 308 тұқымының 200 бройлер балапандарын таратты. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар «Көмектескің келсе балық берме, қармақ бер» деген даналықты басшылыққа алып, отбасыларға 20 балапанды тарату етті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары мұндай сыйға ризашылықтарын білдірді. Енді олар өз отбасыларын қамтамасыз етіп қана қоймай, экологиялық нано-бизнес бастап, балаларын еңбекке баулымақшы.



Акция барысында «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ еріктілері қажетті азық-түлікті жинастырып, жөнелтуге әзірледі. Ал «Болашаққа қадам» қоғамдық қоры 30 азық-түлік қорабын мұқтаж адамдарға жеткізді. Сонымен қатар, балалар киімі сатылатын дүкендерімен келісім-шарт жасалды. Осылайша аутрич-қызметкерлердің балаларына киім-кешек таратты. «Мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қоры көмекке зәру 35 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

«АЯЛА» қорының күшімен «Щедрое сердце» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына 100 азық-түлік қорабы таратылды. Іс-шара барысында көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, жетім балалар және табысынан айырылған жандар қамтылды. «АЯЛА» қоры елордалық әкімдікте берілген тізімге сүйене отырып кілегей, айран, сары май, шұжық, ірімшік, жеміс-жидек, көкөніс, шәй, жұмыртқа, балық және ет өнімдері, қант, жуғыш заттар және гигиена заттары жиналған қораптарды мұқтаж адамдарға жеткізді.  «Коронавирус пандемиясының кесірінен көптеген адам қиын жағдайға тап болған осы уақытта, біз қолымыздан келгенше көмек көрсеткен маңызды және қажетті деп ұйғардық» Аяла қоры.



«АЯЛА» қайырымдылық қорынан көмек алған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәуле Есмағамбетова: «Менің отбасымда 5 адам бар. Мен, менің анам, ота жасалған әпкем және екі балам. Барлығының денсаулығы жоқ. Карантинге дейін жұмыс істедім. Қазір уақытша жұмыссызбын. Әрине, індеттің таралуына қатты уайымдаймын. Бізге берілген көмекке өте ризамын. Бүкіл азық-түлік дәмді және үлкен көлемде екен! Бұрын мұндай көмек алып көрмеп едік. Сіздерге үлкен рақмет!» деді.





Алматы қаласында «Aq Jurek» тәуелсіз қайырымдылық қоры «Qolda» шұғыл көмек жобасының аясында «Тауасар» қорының ТЖ кезеңіндегі жұмысын жалғастырды. «Aq Jurek» Алматыда медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыруды жалғастыруда.



Нұр-Сұлтан қаласының тұрғына Динара Қожабаева да «Аяла» қорына алғысын білдірді.

– Біз жолдасым екеуміз және 2 ерекше баламыз бар. Үлкен қызым 7 жаста, ал кіші қызым 2 жаста. Коронавирус індеті кезеңінде, бәлкім, көбінесе балаларымыз бен жақындарымыздың денсаулығына алаңдаймыз. Барлығы қымбаттап жатыр, көп нәрседен бас тартуға мәжбүрміз. Біз «АЯЛА» қорынан азық-түлік қоржынын алдық, оған балаларымыз қатты қуанды. Мұнда сүт өнімдерінің түр-түрі, жеміс-жидектер, көкөністе, балаларға қажеттінің бәрі бар екен. Консервілер, жармалар бар, тіпті химияны да салуды

ұмытпапты. Көрсетілген көмек үшін үлкен алғысымызды білдіремін! – деді.



11-17 мамыр аралығында дәрігерлер, санитарлар, фельдшерлер және жедел жәрдем қызметкерлеріне 1250 түскі ас ұйымдастырылды. Қайрымдылық шаралары И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухана, Қазақстан санаторийі, Орталық қалалық клиникалық аурухана мен Алматы аймақтық көпсалалы клиникасын қамтыды.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының көпбалалы аналар одағы 266 аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттерін тарату етті.

«Біздің жобамыз «Отан ана» деп аталады. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ана» демекші, Отанға деген махаббат ананы сүюден басталады. «Qolda» жобасының арқасында біз карантинге дейін де өмірлерінде қиындық көп болған, көмекке мұқтаж көпбалалы аналарға қолдау көрсете алдық» Түрксіб ауданының көпбалалы аналар одағының белсенділері.



 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар