"Қазақстанда "қауіпсіздік" сертификаты енгізіліп жатыр. Бұл смартфонға немесе планшетке мәжбүрлеу тәртібімен орнатылатын бағдарлама. Егер сіз оны орнатпасаңыз, сізге Фейсбук, Инстаграмм, Ютуб және т. б. көптеген интернет ресурстарына қолжетімділік шектеледі.
Мұның бәрі біздің қауіпсіздігімізге қамқорлық тұздығымен беріліп жатыр. Мемлекетіміз аңыздағы хакерлерсіз ақ жеке адамдар деректерiн қорғай алмай жатқанда бiздiң барлық деректерiмiздi қалайша хакерлерден қорғамақ?
Ал енді сіз бұл сертификатты смартфонға орнатсаңыз, құзырлы органдар не істей алады:
1. Сертификат арқылы мемлекет сіздің құпия сөздеріңізге, логиндерге, әлеуметтік желілердегі беттерге және басқа адамдармен хат алмасуға тіпті телеграм сияқты мессенджерлерге және т. б. қол жеткізе алады.
2. Сіз VPN пайдалана алмайсыз.
3. Мемлекет белгілі адамдардың әлеуметтік желідегі беттеріне кіруін шектей алады. Яғни, желіде тек билікке жақын блогерлер ғана қалады.
4. Мемлекет кез келген адамның кез келген ресурсқа қол жеткізуін шектей алады.
5. Мемлекет кез келген шетелдік ресурстарға қолжетімділікті шектей алады.
Бұл тек негізгі фишкалары ғана. Мен тәулік бойы жүрiс-тұрыс пен сiздiң белсенділігiңiздi бақылау мүмкiндiктерi туралы айтқан жоқпын.
Қысқаша айтсақ, бізді қалпақтың астына алды. Тоталитаризм жағына ең үлкен қадам жасалды.
Мен бұған қарағанда хакерлерге көбірек сенемiн. Олардың мақсаттары мен мүдделерi маған түсінікті және оларға қарсы қандай да бір құралдар бар. Ал мұнда біз шенеуніктерге толықтай тәуелді боламыз.
Менің пікірім: демократия және адам құқығы қорғалмайтын елде, интернетті шектеу жөніндегі кез келген бастама еркіндік қалдықтарын тұншықтыру деп есептеймiн", – деп жазды кәсіпкер желідегі парақшасында.