Төрткүлдің мақтасын Чехия мен Канада сатып алады

Dalanews 26 қыр. 2023 11:50 927

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевпен бірге Төрткүл ауылдық округіндегі мақта өңдеумен айналысатын «Рамазан Агро» және «Нұр Агро 73» ЖШС-не барып, өндіріс барысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауапты тұлғалар аудандағы мақта алқабын аралап, өнім өндірушілермен және зауыт басшылығымен салалық өндірістегі мәселелер бойынша пікірлесті.

«Рамазан Агро» ЖШС мақтаның «Карло», «Эдесса», «АВ 440», «АВ 010», «Лазер» және «Линза» сияқты туркиялық 6 түрлі сортын егеді.

Зауыт басшылары биыл 723 гектар алқаптан болжам бойынша 2700 тонна өнім жинауды жоспарлап отырғандарын жеткізді.


Ал «Нұр Агро 73» ЖШС мақта қабылдау және өңдеу зауытының директоры Нұрлан Батырбеков облыс әкімінің аграрлық салаға жауапты орынбасарына күзгі мақта жинау барысы туралы баяндады.

Кездесу барысында зауыт басшысы аталған мекемеде жылына 30000 тонна мақта өңделіп, дайын өнімді Чехия және Канада мемлекеттеріне экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, аталған мақта өңдеу зауыты 300 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар