Торғай-Ырғыз тасжолы: Тоқаев Үкіметке жеделдетуді тапсырды

Торғай-Ырғыз тасжолы: Тоқаев Үкіметке жеделдетуді тапсырды
gov.kz
Торғай-Ырғыз тасжолы: Тоқаев Үкіметке жеделдетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметке Торғай-Ырғыз тасжолының құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

"Президент Үкіметке Торғай-Ырғыз және батыс бағытындағы басқа да көлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін күре жол жүк тасымалы мен және жолаушылар қатынасын айтарлықтай жеңілдетіні айтылды. 

"Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл – тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба", - деді Тоқаев бұған дейін.