Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевт Түркияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Бүгін мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді. Бұл келіссөзден не күтіледі? Сарапшы тарқатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кеше әуежайда бауырлас екі елдің президенттері аз-кем әңгімелесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Саясаттанушы Асхат Қасенғали желідегі парақшасында Түркия президентінің Мемлекет басшысын арнайы қарсы алуы бекер емес екенін айтты.
"Президент Түркияға барды. Әуежайдан Ердоғанның өзі қарсы алыпты. Бұл сапардың жоғары мәнге ие екендігін білдірсе керек. Ердоған бұл сапарға өзі шақырған болатын. Президент былай дейді: "Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын". 29-шілде күні Қазақстан мен Түркия басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді", - деді сарапшы.
Сондай-ақ, ол бұл кездесулерден не күтілетінін айтты.
"Соңғы аптада Ыстамбұлдағы қару-жарақ көрмесін қарап отырдым. Түркия өте жақсы жетістіктерге жеткен. Көрмеде байқалды. Келіссөздер барысында қорғаныс саласына қатысты да әңгімелер айтылар деп отырмын", - деді ол.