Қаржы министрлігі жартыжылдықта 310 млрд теңге көлеміндегі заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (ІМАК) қаржылық заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында ауқымды жұмыс жүргізді. Алты айдағы нәтижелер туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил мен комитет төрағасы Ержан Мыңжасаровтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында айтылды.
"Аудит нәтижесінде 310,6 млрд теңге мөлшеріндегі заңбұзушылықтар мен 1699 кемшілік анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қашықтан талдау нәтижесінде заңсыз төлемдер сомасы 950,3 миллион теңгеге жеткені анықталды.
"Сонымен қатар, аудиторлар 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу процесін жан-жақты талдады. Тексеру барысында жалпы сомасы шамамен 860 миллиард теңгеге жететін бюджеттік сұрау сапасыз жасалғаны анықталды",- деп жазылған хабарламада.