Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
29 шілдеде Іле Алатауындағы Жастар шыңынан марқұмның денесі табылды. Бұл шың теңіз деңгейінен 4 мың метрден асады. Құтқарушылар 20 жастағы Аланды екі тәулік бойы іздеген.
Айта кетейік, қазақстандық 27 шілдеде таңертең тауға кеткен, 17:00-де қайтуы керек болған. Байланыс тек туысы, әпкесі арқылы жүргізілген, геолокация қолжетімді болмаған. Жігіт жылы кофта, шорты және кроссовкада болған. Таулы аймақта сол кезде жаңбыр мен бұршақ жауып, 4000 метр биікте қар түскен.
Бұған дейін Мынжылқы үстіртінде жедел штаб құрылды.
Еске салайық, бұған дейін де Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің денесі табылған еді. Құтқарушылар 9 күн өткенде Ақылбек Нұрисламның денесін Үлкен Алматы шатқалының маңынан тапты.