Жалған мәлімет енгізген: Астанада ХҚКО қызметкері сотталды

Сағыныш Сардарова 29 шіл. 2025 18:19

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ХҚКО-ның бұрынғы қызметкеріне үкім шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

2024 жылғы 8 қазанда Т. ХҚКО қызметкері бола тұра, белгісіз адамның Ресей Федерациясы азаматының атынан тапсырған құжаттары негізінде ақпараттық жүйеге әдейі жалған мәліметтер енгізген. Кейін осы ЖСН негізінде банк шоты ашылып, оған 40 миллион теңге аударылған. Бұл әрекет азамат Т.-ға және мемлекетке зиян келтірген.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.

Сот Т.-ны Қылмыстық кодекстің 206-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Амнистия туралы заң негізінде жаза мерзімі 1/3-ге қысқартылып, түпкілікті 2 жыл белгіленді. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар