Қазақстанда әр төртінші адам зейнетақысыз қалу қаупінде тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Экономист Аман Әлімбаевтың айтуынша, елдегі экономикалық белсенді азаматтардың 24 пайызы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлер. Алайда олардың басым бөлігі зейнетақы жарналарын мүлде төлемейді немесе ең төменгі мөлшерде ғана аударады. Бұл болашақта қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін.
"2025 жылдың шілдесіндегі мәліметке сүйенсек, экономикалық белсенді халықтың төрттен бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлер. Көпшілігі зейнетақы қорына тұрақты жарна аудармайды, тіпті ең төменгі базалық зейнетақыға да қол жеткізуі қиын. 50–60 жасқа келгенде мұндай олқылықтың орнын толтыру – әрі уақыт, әрі қаражат жағынан күрделі.
Кейбіреулер тек айыппұл алмау үшін аз мөлшерде төлейді, ал кейбірі аударым арқылы жұмыс істеп, мүлде жарна аудармайды. Мұндай адамдардың саны мыңдап саналады. Нәтижесінде қартайғанда кедейлік қаупі жоғары болады", – дейді экономист.