Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды" делінген Ақорданың хабарламасында.
Нұралхан Көшеров 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы "Экономист" мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Заңтану бакалавры" мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.