Freedom Inside '26

Тоқаев сынға алған Есімовті Назарбаев қабылдады

Тоқаев сынға алған Есімовті Назарбаев қабылдады
Түнеукүні Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев мемлекеттік холдингтердің жұмысын сынға алған еді деп хабарлайды Dalanews.kz. 




Тоқаев мемхолдингілерден халыққа қайыр болмай тұрғанын айтқан.

"2007-2018 жылдар аралығында мемхолдингілерге 7 трлн теңге бөлінді. Бұл үлкен ақша. Ел оның нәтижесін көрді ме? Есеп комитеті бұларды тексере келе біраз шикілік тапты. Мемхолдингтердің құрылымы бір-бірін қайталайды, штат саны тым көп.

Бір ғана “Бәйтеректің” әкімшілік шығыны 54 млрд теңгені құраған, оның 24 млрд-ы жалақыға жұмсалған”–  деген Тоқаев.

Мемлекет басшысы әзір Араб әмірлігінде жүр.

Ал "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Ахметжан Есімов кеше Елбасыға есеп берді.

"Былтыр қордың таза табысы 1 трлн 256 млрд-ты құрады. 922 млрд теңге көлемінде операциялық табыс таптық. Бұл белгіленген жоспардан 38 пайызға артық. Сіз берген тапсыраны асыра орындадық", – деді Есімов Елбасыға.

Ал саясаткер Мұхтар Тайжан осыншама табыс тапқан қордың мемлекетке төлейтін қаржысы тым мардымсыз" дейді.

"Былтыр 1 трлн-нан аса табыс тапқан "Самұрық-Қазына" өзінің негізгі акционері мемлекетке 190 млрд теңге аударыпты. Ел бюджетіне түсуі тиіс қаражат тым мардымсыз", – дейді саясаткер.