Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатта бірқатар тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды.
Қалтаеваның орнына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған Марат Қожаев келді. Осылайша Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Марат Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.