Тоқаев Ржевтегі Кеңес әскеріне арналған мемориалға гүл шоғын қойды

Тоқаев Ржевтегі Кеңес әскеріне арналған мемориалға гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тверь облысына жасаған сапары аясында Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Президент құрмет қарауылымен бірге ескерткішке гүл шоғын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Биіктігі шамамен 25 метр болатын қоладан құйылған солдат мүсіні он метрлік қорған төбенің басына орнатылған. Құрыш қабырғаларда Отан қорғаушы жауынгерлердің есімдері жазылған.

Ржев шайқасы – қанды қырғын болған ең сұрапыл соғыстың бірі. Кеңес әскері бұл жерде, із-түзсіз жоғалғандар мен жараланғандарды қоса алғанда, 1,3 миллионнан астам адамынан айырылды.