Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Dalanews 20 нау. 2026 08:16

Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты мұсылмандардың қасиетті мерекесі ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. 

Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. 


Сонымен қатар, мемлекет басшысы биылғы Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келгенін айтып, оның ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналғанын атап өтті.

Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! - деп қорытындылады президент.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove