Тоқаев қаза тапқан фельдшерді “Ерлігі үшін” медалімен марапаттады

Dalanews 19 қар. 2025 01:03

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Еске салсақ, оқыс оқиға 8 қараша күні елордадағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Үйдің сыртқы қаптамасы құлап, тұрғындар жапа шекті. Ұлдана оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының құрамында болған еді.

Ол жапа шеккендерге жәрдемдесіп жүрген мезетте кондиционер қондырғысының бөлшегі басына құлаған. Ұлдана Мырзуан жансақтау бөлімінде 10 күн жатып, 18 қарашада көз жұмды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар