Freedom Inside '26

Тоқаев Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүргізді

Тоқаев Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Dalanews.kz

Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүрді, бөлім меңгерушілерінің бірі ауысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айдын Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Оның орнына Рақымжан Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Айдын Құлсейітов пен Рақымжан Ерназар туралы не белгілі?

Айдын Құлсейітов 1976 жылы Өскемен қаласында туған. 1997 жылы Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы Қазақтан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

  • 1996-2000 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
  • 2000-2003 жылдары Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы болды.
  • 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.
  • 2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық – Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.
  • 2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2009-2014 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»).
  • 2014-2017 жылдары – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.
  • 2017-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.
  • 2019 жылғы 22 шілдеде Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Рақымжан Ерназар туралы ашық дереккөздерде көп мәлімет жоқ. Бұған дейін ол ҚР Президенті әкімшілігі Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.