Freedom Inside '26

Тоқаев Перумен екі келісімді ратификациялады

Тоқаев Перумен екі келісімді ратификациялады
Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Республикасымен жасалған екі келісімді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Dala News.

Ақорданың мәліметінше, ұстап беру туралы, сондай-ақ сотталған адамдарды беру туралы шарттар ратификацияланған.

Бұл құжаттар екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.