Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Сағыныш Сардарова 18 сәу. 2025 09:18 436

Кеше түнде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген  уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылған.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар