Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Ақорда

11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.