Тоқаев Нұрлан Ұранхаевты облыс әкімі қызметінен босатты

Көркем Алдабергенова 14 ақп. 2025 16:37 5559

Нұрлан Ұранхаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды", делінген хабарламада. 

Нұрлан Ұранхаев 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген.

Білімі:

1987 ж. - В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-механик» мамандығы
2001 ж. – Қазақ қаржы-экономикалық институт, «экономист-менеджер» мамандығы
2006 г. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет, «инженер-құрылысшы» мамандығы

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.
1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.
2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы).
2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.
2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007 ж.— Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.
2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.
2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей қаласы
2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.
2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана қаласы.
2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2019 – 2022 жылдары — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
2022 жылдың маусымында  Абай облысының әкімі болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар