Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Бұл қызметті атқарған Асқар Тәжібаев мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған.