Freedom Inside '26

Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады

Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Самарқандта Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.

Еске салайық, 29 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Мемлекеттер басшылары Алматыда бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралады.