Тоқаев кортежі жүрген жолда оқ атылатын қарулар табылды

Көркем Алдабергенова 27 қыр. 2024 21:05 1179

Түркістан облысында Тоқаев кортежінің жүретін жолынан оқ атылатын қарулар табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ТЖД-мен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел - іздестіру және тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ.

Кейбір деректер бойынша, ол қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар. 


Негізгі болжам бойынша, президернттің кортежіне қастандық жасалмақ болған. 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар