Тоқаев жеңілдікпен берілетін кредиттер сомасы артатынын айтты

Қаракөз Амантай 07 ақп. 2024 14:13 2268

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында жеңілдетілген кредиттерге бөлінетін қаржыны арттыруға тапсырма берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқаев ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны екі есе арттыру қажет екенін алға тартты. Оның айтуынша, бұған бюджеттен ғана емес, екінші деңгейдегі банктерден де қаражат тартқан жөн.

"Көктемдегі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру керек. Ал инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Жеңілдікпен лизинг беруге жыл сайын кемінде 450 миллиард теңге бөлінуге тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тоқаевтың пікірінше, осы шаралардың арқасында жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасының 10 пайызын жаңартып, өнімділікті 2 есе арттыруға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар