Тоқаев: «Енді 15 наурыз Конституция күні ретінде атап өтіледі»

Көркем Алдабергенова 16 нау. 2026 09:12

Қазақстан президенті экзитпол нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол жазда парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл жастар парламенті болуы тиіс, өйткені жаңа Конституция ең алдымен жастарға бағытталған.

Референдумда сайлаушылардың қатысуы рекордтық деңгейде болды. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша қатысу көрсеткіші 73,24%-ды құрады.

Референдумды бақылаған отандық және халықаралық байқаушылар барлық заң талаптары мен нормалардың қатаң сақталғанын атап өтті. Қорытынды нәтижелерді Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove