Тоқаев Берік Әбдіғалиұлын қызметінен босатты

Көркем Алдабергенова 09 қаз. 2024 09:07 3264

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

 Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Биыл наурызда дереккөздер Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының тағдыры қызу талқыланып жатқанын жеткізген болатын. 

Дереккөз Ұлытау облысының басшысы болып Берік Әбдіғалиұлы келгелі облыста жемқорлыққа қатысты дау көбейгенін айтады.

«Басында Сәтбаев әкімі ұсталды, кейіннен облыстық мәдениет басқармасының басшысы да ұсталды. Қазіргі заңнама бойынша ол (Берік Әбдіғалиұлы) отставкаға кетуі керек. Ұлытау облысында да жүйелі түрде бюджеттің игерілмеуімен байланысты проблемалар болып тұрады: аймақ жеке инвесторларды былай қойғанда бюджет қаражытының өзімен дамымай отыр».

Дереккөз мәліметінше, екі әкімге де жағдайды түзеуге мүмкіндік берілгенімен олар оны пайдаланбаған. Сондықтан алдағы уақытта кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар