Тоқаев Бас прокурордың бірінші орынбасарын ауыстырды

Сағыныш Сардарова 29 қыр. 2025 10:15

Президент Бас прокурордың бірінші орынбасарын ауыстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Оның орнына Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Жандос Өмірәлиев 2022 жылғы маусымнан бастап Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар