Freedom Inside '26

Тоқаев Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Тоқаев Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды
Ақорда

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.