Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке қоғамдық ғимараттардың қабырғаларын граффитимен бүлдіретіндерге қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Мұндайға жол беруге болмайды. Заңнамалық және нормативтік сипаттағы шаралар қабылдап, муниципалдық аумақтарды бүлдіретін мұндай “шығармашылыққа” толық тыйым салу керек», — деді Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың пікірінше, қоғамдық ғимараттардың қабырғалары мен қалалық аумақтарға рұқсатсыз сурет салу вандализм және бұзақылық ретінде қарастырылуы тиіс.
Президент бұл мәселе тек Астанаға ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларына қатысты екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған әрекеттердің алдын алу үшін тиісті заңнамалық және нормативтік шаралар әзірлеуді тапсырды.