Тоқаев Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

Тоқаев Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
Ашық дереккөз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Әмірқұловтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президент Ардақ Әмірқұловтың ұлттық кино өнерінің дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.

«Ардақ Әмірқұлов бар саналы ғұмырын кино өнеріне арнап, ұлт мәдениетін ұлықтауға мол үлес қосты. Кәсіби киногер ретінде «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» сияқты тарихи туындыларды таспалап, төл руханиятымыздың алтын қорын байыта білді. Қазақ кинематографиясын өркендету жолында ұстаздық қызмет атқарып, дарынды шәкірттер тәрбиеледі. Соңына рухани мол мұра қалдырған Ардақ Әмірқұловтың иманы саламат, жаны жәннатта болсын», - деп жазылған жеделхатта.

Ардақ Әмірқұлов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және «Құрмет» орденінің иегері болған.