Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиындағы сөзін қорытындылай келе, Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады.
"Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер. Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оған күмән болмасын. Алматылықтардың талап-тілегі әрдайым біздің басты назарымызда", – деді Президент.