Тоқаев Алматыға келген ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің спикерлерімен кездесті

Сағыныш Сардарова 03 мау. 2024 12:01 2411

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысу үшін Алматыға келген ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің спикерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) ресми арнасына сілтеп.

Кездесуде ҰҚШҰ-ның жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының қызметін жоғары бағалап, Ассамблея қабылдаған модельдік актілер Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын нығайтудағы маңызды құрамдас бөлік екенін айтты.

Бүгін таңертең ҰҚШҰ елдерінің парламенттік делегацияларының басшылары Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімге РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының өкілдер палатасының төрағасы Игорь Сергеенко, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Нұрланбек Шакиев және Тәжікстан Республикасынан Эмомали Рустами қатысты. Салтанатты рәсімге генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова да қатысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар