Мемлекет басшысы қуат беретін жаңа көздерді жаңғыртудың және іске қосудың маңыздылығын атап өтті.
Президент Алматыдағы екінші ЖЭО-ны газға көшіру жобасына арнайы тоқталды.
Бұл мәселенің стратегиялық мәні бар. Алматы қаласының экологиясы және тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы аталған проблеманың шешілуіне байланысты. Сондықтан Үкіметке, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына әкімдікпен бірлесіп, екінші ЖЭО-ны жаңғырту жобасына қатысты мәселені түбегейлі нақтылауды және оны жуық арада іске асыруды тапсырамын. Мұны одан әрі соза беруге болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Алматыда екінші ЖЭО-ны газға ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл қоршаған ортаға кері әсерді азайту және зиянды заттардың ауаға бөлінуін азайту мақсатында жасалады. Газға түпкілікті көшу 2025 жылға қарай күтілуде. Екінші ЖЭО-дағы алғашқы газ қазандықтары 2023 жылы жұмыс істей бастайтыны атап өтіледі.