Шаруа мемлекеттен берілетін субсидияны тиімді пайдаланып, асыл тұқымды сиыр сатып алған. Қазіргі таңда, еткен еңбектің арқасында мал басы санын 90-ға жеткізіп отыр.
– Елімізде мал шаруашылығын дамытуға көптеп көңіл бөлініп жатқанын еститінмін. Сосын осы шаруамен неге айналыспасқа деген ой келіп, әрекеттің арқасында арманымды іске асыра бастадым. Қазір жеке айналысатын ісім, табыс көзім бар. Мүмкіндік болса тағы қосымша мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін көмекті алып, кәсібімнің өрісін кеңейтсем деген мақсатым бар, – деді қожалық иесі.
Шаруа биыл белгілі себептермен субсидияға қол жеткізе алмаған. Алайда, келер жылы қолдауға ие болатынына сенімді.