Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүріп жатыр.
Акцияның «Таза өлке» апталығында аудандағы жол және өзен бойындағы қоқыстарды тазалау, көшет отырғызу, қураған ағаштарды кесу, тал түптерін әктеу, арыз-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілген.
Ленгір-Екпінді бағытындағы жол бойында өткен шараға еріктілер мен белсенділер, жастар, мекеме қызметкерлері, жалпы 100-ден астам адам қатысты.
Одан бөлек, аудан орталығындағы «Төлеби саябағы» аумағын көркейту, көгаландыру жұмыстарына жалпы 300-ден астам қала тұрғындары мен еріктілер атсалысты.
Жалпы апталық аясында аудан аумағында 1 500 ағаш әктеліп, 15 тонна күл-қоқыс шығарылған. Ауданда зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер аудан тұрғындарын тазалық акциясына белсене қатысуға шақыруда.