Freedom Inside '26

Төлебиде қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті

Төлебиде қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті

Төлеби ауданында «Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ-ның бірлесе ұйымдастыруымен жиын өтті,  – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Тәжік – Ауған шекарасынан Қазақстан бітімгершілік әскерінің шығарылғанына 24 жыл толуына арналған. 8 ақпан - қазақ әскерлері тәжік-ауған шекарасынан шығарылған күн болатын. Осыған орай, бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде тәжік-ауған шекарасында қаза болған әскерлердің рухына тағзым етілді.

Шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар мен арнайы төсбелгі табыстады. Іс-шара Аққұм ауылдық округіндегі Қ.Тыныбеков жалпы орта мектебінде жалғасып, жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық біріншілік өтті. Спорттық сайысқа Түркістан облысы  аумағының 4 ауданынан 8 команда қатысып, 150-ге жуық жасөспірім өзара бақ сынады. Спорттық сайыс қорытындысымен жеңімпаз атанғандар арнайы сыйлық,медальдармен марапатталды. Марқұм болған сарбаздардың рухына құран бағыштап,ас берілді.