Кәсіпкер Пірімхан Жүнісов бұл саланы дамыту үшін мемлекет көмегіне жүгінген. Серіктестік алғашқы кезде «ҚазАгро» қаржы ұйымынан 214 млн теңге несие алып, мал бордақылау мақсатында ірі қара сатып алған.
Кейіннен, «ҚазАгро» АҚ-нан жеңілдетілген несие алып, жылқы басын көбейтуді қолға алған. Қазіргі таңда серіктестік 18 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтуда. Жалпы 18 гектар аумақта орналасқан кешенде қазіргі таңда 600 бас жылқы өсірілуде. Кәсіпкер жыл соңына дейін жылқы санын 1000-ға жеткізуді көздеп отыр.