Жыл бойы атықарылған жұмыстарды журналистер алдында талдап, таразылған аудан әкімі алға басушылық экономиканың барлық саласында қамтып отырғанын тілге тиек етті.
– Төлеби ауданының өнеркәсіп саласында 21 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 106 пайыз өсімді көрсетеді. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі де 102,5 пайызға жоғарлады, –деді ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков.
Ауданда білім саласының өзекті мәселелерінің апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің ғимараттар болатын. Аталған мәселені шешу үшін облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысына 1 млрд 180 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар 7 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары дайындалғанын әкім атап өтті. Олардың құрылысы келер жылы басталады.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту да қарқын алыпты. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 48 пайызға артық орындалған. Леңгір қаласындағы 5 қабатты 40 және 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 236 млн. теңге қаржы қарастырылыпты. Биыл 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып ел игілігіне берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі