Төлеби ауданы тұрғындары жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтуде

Dalanews 20 қаз. 2023 06:40 807

Түркістан облысы, Төлеби ауданында тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар арқылы малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын іске қосуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төлеби ауданына қарасты Бейнеткеш елді мекенінің тұрғыны Қали Тажикулов «Ырыс» МКҰ-нан жеңілдетілген 6,5%-бен несие алып, жылқы санын көбейтіп отыр.

Ауылдағы тұрғын үй ауласынан жылқы өсіруге қажетті қора, жем-шөпті дайындаған жеке кәсіпкер қаржы ұйымы арқылы 27 млн. теңгеге 54 бас жылқы малын алып, бордақылаумен айналысып жүр.

Бие сауып, қымыз баптап, шаруасын дөңгелетіп жүрген шаруаның шағын кәсібімен танысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер жөнінде мағлұмат берді. Жұмысына сәттілік тіледі.

Жеке кәсіпкер ата-баба кәсібін жалғастырып, мал шаруашылығының пайдасы арқылы оны отбасылық бизнеске айналдырғанын айтты. Аудан басшысы кәсібін нәсібі етіп,  аймақтың экономикасына сүбелі үлес қосуға атсалысып жатқан жеке кәсіпкердің ісіне табыс тіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар