Тоғызқұмалақ федерациясы 20 өңірді біріктіріп, ұлттық мәртебе алды

Ақтоты Жапатова 30 қаң. 2026 22:09

Ұлттық спорт түрлеріне берілген ерекше мәртебеге байланысты барлық ұлттық спорт федерациялары Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қайта аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Министрлік талаптарына сәйкес, кемінде 11 аймақта 11-ден астам мүшелік ұйымы бар федерацияларға ұлттық мәртебе беріліп, ресми аккредитация жасалады.

Аталған талаптарға толық сай келген Тоғызқұмалақ федерациясы еліміздің 20 аймағында жұмыс істейтін 20 өңірлік федерацияны біріктіріп, ұлттық мәртебе алып, ресми түрде аккредиттелді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove