TikTok өкілдері министр Балаеваға жауап берді

Көркем Алдабергенова 24 сәу. 2024 14:26 2591

Қазақстандағы TikTok өкілдері Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сервисті бұғаттауға қатысты сөзіне пікір білдірді, - Dalanews.kz

"Біз Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таңғалдық, өйткені министрлік Қазақстандағы "Наурыз" онлайн-фестивалі және қысқа бейнефильмдердің шығармашылық байқауы сияқты көптеген бастамамызды белсенді қолдайды. Өткен жұмада Мәдениет министрлігінің өкілі іс-шарада сөз сөйлеп, мәдениетті және басқа да пайдалы мазмұнды ілгерілетуге көмектесетін TikTok-ты мақтады", - делінген ҚР TikTok өкілінің түсініктемесінде.

Сондай-ақ өкілдік қауіпсіздік мәселесіне тоқталды.

"Былтыр біз ережелерді бұзуға байланысты Қазақстанда 4 миллионнан астам бейнені өшірдік. Біз Қазақстан Республикасының мүдделі органдарымен, соның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігімен және Ішкі істер министрлігімен тікелей жұмыс істейміз. Соңғы айларда бізге кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты өтініштер келіп түскен жоқ. Осыған байланысты және ынтымақтастықтың ұзақ тарихын ескере отырып, министрдің мәлімдемесі дәйексіз екенін атап өткен жөн", - делінген түсініктемеде.

Желі өкілдері елімізді платформа жұмысы жалғасатынын сенетінін айтты.

Еске салайық, 22 сәуірде министр Аида Балаева Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау қарастырылып жатқанын айтқан болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар