Баланың тісі шыққанда қызуы көтеріле ме?

Баланың тісі шыққанда қызуы көтеріле ме?
Halfpoint Images / Getty Images

Баланың тісі шығып жатқанда оның мазасызданып, сілекейі көбейіп, қызыл иегі ісінуі жиі кездеседі. Кей ата-аналар бұл кезеңде дене қызуының көтерілуін де тіс шығарумен байланыстырады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Malim.kz басылымының жазуынша, тіс жару кезінде дене температурасы аздап жоғарылауы мүмкін. Алайда 38°C-тан жоғары температураны тек тіс шығумен байланыстыру дұрыс емес.

Егер балада жоғары қызумен бірге жөтел, мұрыннан су ағу, құсу, іш өту немесе әлсіздік байқалса, бұл инфекцияның белгісі болуы мүмкін.

Тіс шығу кезеңінде балаға салқындатылған арнайы тіс қаситын ойыншық беруге немесе қызыл иегін таза саусақпен ақырын уқалауға болады.

Егер қызу жоғарылап, ұзақ уақыт түспесе немесе баланың жағдайы нашарласа, дәрігерге қаралған жөн.